Бокс
27 сәуір 2023 09:52
 

АҚШ бокс федерациясы IBA-дан шығатынын мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

АҚШ бокс федерациясы IBA-дан шығатынын мәлімдеді ©РИА Новости

АҚШ бокс федерациясы (USA Boxing) Умар Кремлев басқарып отырған Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) мүшелігінен бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты teamusa.org басылымына сілтеме жасап.

blog.share

АҚШ бокс федерациясы (USA Boxing) Умар Кремлев басқарып отырған Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) мүшелігінен бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты teamusa.org басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қоса, USA Boxing енді жаңадан құрылған World Boxing атты әуесқой бокстың халықаралық ұйымына өтініш бергені хабарланды. Бұл IBA-ның World Boxing-тің үстінен шағым түсіріп, оны "алаяқтар" ұйымы деп атаған күні болған екен. 

Айта кетейік, АҚШ IBA өткізетін биылғы әлем чемпионатына байкот жариялаған он елдің бірі. Байкотқа ӘЧ-ге Беларусь және Ресей боксшыларының өз туының астында қатысуы себеп болып отыр. 

World Boxing ұйымы боксты Олимпиада бағдарламасында сақтап қалу мақсатында 13 сәуірде құрылды. Бұл ұйымды АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Филиппин мен Швеция ұлттық федерацияларының өкілдері кіретін Уақытша атқару комитеті басқарады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!