Бокс
Бүгін 09:23

Аида Әбікеева қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді (видео)

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы қыз Аида Әбікеева Бразилиядағы Әлем кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында отандасымыз чех қызы Виктория Жилковамен жұдырықтасты. Жекпе-жекте Аида 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Қарсыласын үш рет нокдаунға да түсірді. 

24 сәуір күні ширек финалда марокколық Доуа Заккиге қарсы жекпе-жек өткізеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Аида Әбікеева – екі дүркін әлем чемпионы. 2025 жылы IBA және World Boxing ұйымдастырған жарыстарда топ жарды. 2024 жылы Азия чемпион болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport