Бокс
Бүгін 02:05

Аида Әбікеева Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

©olympic.kz

Бокстан Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңінде Аида Әбікеева күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Vesti.kz

65 келіге дейінгі салмақтағы финалда отандасымыз Өзбекстанның көшбасшысы Навбахор Хамидовамен жұдырықтасты. 3 раунд қорытындысы бойынша төрешілер өзбек қызын жеңімпаз деп таныды. 

Айта кетейік, Аида Ливерпульдегі Әлем чемпионатының финалында дәл осы Навбахорды жеңіп, чемпион атанған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport