Эквадорлық боксшы Карлос Гонгора (20-1, 15 KO) британиялық Лерроун Ричардстен (16-0, 3 KO) жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Манчестердегі (Англия) Manchester Arena шаршы алаңында өткен жекпе-жек толық 12 раунд өтіп, оның қорытындысы бойынша төрешілер 115-113, 112-116 және 115-113 есебімен жеңісті британиялыққа берді.
Эквадорлық боксшы карьерасында бірінші рет жеңіліп отыр, ал Ричардс әлі жеңіліс көрмеді.
Осылайша, Гонгора суперорта салмақта IBO белбеуінен айырылып қалды.
Еске салайық, Гонгора 2020 жылы желтоқсанда қазақстандық Али Ахмедовты (18-1, 14 КО) 12-раундта нокаутқа түсіріп, чемпион атанған болатын. Бұл Ахмедовтың карьерасындағы бірінші жеңіліс еді.