Бокс
20 желтоқсан 2020 09:57

Ахмедов нокаутпен алғашқы жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) эквадорлық Карлос Гонгорадан (19-0, 14 КО) жеңілгеніне қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, бұл жекпе-жекте екінші орта салмақта IBO титулы сарапқа салынған болатын. 12-ші раундта Ахмедов нокаутқа түскен. Алайда сол сәтке дейін үш төрешінің де жазбасында есеп бойынша ұтып келе жатқан екен. 

"Бұл бокс. Мықтырақ болып ораламын. Менімен бірге қалғандарға рахмет!" - деп жазыпты Ахмедов Instagram желісінде.