Ахмедов әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жектің соңғы раундында нокаутқа түсті
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-0, 12 КО) әлем чемпионы титулы сарапқа салынған жекпе-жекте жеңіліп қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-0, 12 КО) әлем чемпионы титулы сарапқа салынған жекпе-жекте жеңіліп қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Холливудта өтіп жатқан бокс кешінде Ахмедов IBO белбеуі үшін эквадорлық Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) жұдырықтасты.
Кездесу 12 раундқа есептелген еді. Соңғы раундта Ахмедов нокдаунға түсіп, қайта тұрды. Кейін тағы бір құлаған қазақстандық боксшы жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады.
Осылайша, Ахмедов 16 жеңістен кейін карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Гонгора болса жеңіс санын 19-ға жеткізіп, әлі жеңіліс көрмей келеді.
What an uppercut by Gongora! #GGGSzeremeta pic.twitter.com/ELF8EQ8JX6
Gongora KOs Akhmedov with a WICKED left uppercut between the guard. Huge upset.#AkhmedovGongora pic.twitter.com/eyAT1rP3zg
Жарнама