Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (16-0, 12 КО) келесі қарсыласы белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Ахмедов 18 желтоқсан Холливудтағы бокс кешінің кардында жұдырықтасады, бұл шоудың басты оқиғасы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы кездесу болады.
BoxRec ақпаратынша, 25 жастағы Алидің қарсыласы - 31 жастағы Карлос Гонгора. Эквадорлық боксшы 18 жекпе-жегінің бәрінде жеңіп, 13 қарсыласын нокаутқа түсірген. Кездесу 12 раундқа есептелген.
Ахмедовте WBC International Silver титулына ие, ал оның ісін GGG Promotions жүргізеді. Былтыр қазанда өткен кейінгі жекпе-жегінде Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсірген.