Бокс
4 желтоқсан 2020 12:54
 

Ахмедов 13 нокауты бар жеңілмеген эквадорлықпен Головкин кардында жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Ахмедов 13 нокауты бар жеңілмеген эквадорлықпен Головкин кардында жұдырықтасады Сурет: Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (16-0, 12 КО) келесі қарсыласы белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (16-0, 12 КО) келесі қарсыласы белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ахмедов 18 желтоқсан Холливудтағы бокс кешінің кардында жұдырықтасады, бұл шоудың басты оқиғасы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы кездесу болады.

BoxRec ақпаратынша, 25 жастағы Алидің қарсыласы - 31 жастағы Карлос Гонгора. Эквадорлық боксшы 18 жекпе-жегінің бәрінде жеңіп, 13 қарсыласын нокаутқа түсірген. Кездесу 12 раундқа есептелген.

Ахмедовте WBC International Silver титулына ие, ал оның ісін GGG Promotions жүргізеді. Былтыр қазанда өткен кейінгі жекпе-жегінде Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсірген.

Жарнама

Живи спортом!