Бокс
24 ақпан 2020 07:52

Ағайынды Кличко ұйымдастырған бокс кешінде қазақстандық боксшы жеңіске жетті

© kazproboxing/facebook.com
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәулет Дәукенов украиналық Сергей Сороканы жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек ағайынды Кличколоарға тиесілі K2 Promotions компаниясы Бровары қаласында өткізген бокс кешінің андеркартында болды. 

Төрешілер жеңісті бірауыздан 26 жастағы Дәукеновке берді. Бұл қазақстандық боксшының жетінші жеңісі (үш нокаут), сонымен бірге, ол бір рет жеңілісітің ащы дәмін татқан. Ал 27 жастағы Сорока төртінші рет жеңілді. Сондай-ақ, ол үш рет жеңіске жетіп, бір кездесуін тең аяқтаған.

Кәсіпқой карьерасын Дәукенов 2017 жылы бастады. Алты жекпе-жегін ол Ресейде және біреуін Қазақстанда өткізді. Астаналық боксшының жалғыз жеңілісі 2018 жылы Екатеринбургте болды, ол өзбекстандық Зиеведдин Тохировтен (2-2, 1 КО) төрешілер шешімімен есе жіберді. Содан бері өзбек боксшы рингке шыққан жоқ.