Оңтүстік Африканың 40 жастағы "Бульдог" лақап атты боксшысы Нкулулеко Мхлонго қазақстандық Садриддин Ахмедовтан жеңілгеннен кейін кәсіпқой карьерасын аяқтады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын дереккөз хабарлады.
Боксшылар 25 желтоқсан Алматыдағы бокс кешінде жұдырықтасты. Садриддин бұл айқаста қарсыласын бірінші раундта-ақ бірнеше рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін африкалық жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осы кездесуден кейін Мхлонгоның денсаулығы нашарлағаны айтылды. Ол бұрын да жеңілгеннен кейін ауруханаға түскен кездер болған екен. Алайда Ахмедовтан жеңілгеннен кейін бокстан кету туралы шешімге келіпті.