Спорт туралы жазатын америкалық The Athletic басылымының журналисті, әрі инсайдер Майк Коппинджер қазақстандық проспект Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 KO) кәсіпқойдағы үшінші жеңісіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Дубайда өткен бокс кешінде Тұрсынбай бірінші раундтың 70-ші секундында венесуэлалық Хебер Рондонды (20-1, 13 KO) нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық боксшы бірінші орта салмақтағы (69,9 келіге дейін) WBC International титулын қорғап қалды.
"Тұрсынбай Құлахмет - адуынды жігіт. 3-0 рекордымен ол бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулына жылдам жол салып келеді", - деп жазыпты ол Twitter желісінде.