Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған қазақстандық боксшы Дана Дидай Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алғашқы айқасындағы әділетсіз шешім мен Өзбекстандық қарсыласын қалай жеңгенін айтып берді.
75 келіде жұдырықтасқан Дана финалда үнідстандық Санамача Чану Токчомға есе жіберді.
- Әлем чемпионатында үш жекпе-жекке шықтым. Бірінші - мажарлық қарсыласпен. Одан кейін өзбекстандық боксшы, оны жеңдім. Финалдағы қарсыласым үндістандық болды. Турнирдегі ең ауыр айқас. Бұл жетістік жеке бапкер Жәнібек Күлниязовтың арқасында болды. Келесі жылы күміс емес, алтын болады.
- Бірінші жекпе-жекке қатысты, толықтай басым болдың, алайда, мажарлықтың қолын көтерді. Кездесуді бірінші раундта да аяқтай алар едің. Осы туралы айтып берсең.
- Жеңіп жатқанымды сездім. Бірақ төрешілер әділетсіз шешім шығарды. Мажарлық қарсыласымның қолын көтерді. Іштей реніш болды. Дегенмен бапкерлер наразылықты уақытында білдірді - жеңісті маған берді. Осы үшін барлығына алғыс айтамын.
- Ал жартылай финал. Өзбекстандық боксшы бойшаң, қолы да ұзын, дегенмен артықшылығыңды көрсеттің. Ненің арқасында жеңе алдың?
- Алға жүріп, бірінші болып шабуылдау. Мінез бен техника арқасында жеңдім десе де болады.