Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде финалдық айқастар өтіп жатыр, деп хабаралйды Vesti.kz.
Қазақстан атынан рингке бірінші болып 48 келідегі салмақта Назым Қызайбай шығып, үндістандық Минакшимен айқасты.
Алтын үшін жекпе-жектің бірінші раундында қазылар 4:1 есебімен басымдықты үндістандыққа берді. Бұл Назымның намысына қамшыдай тиіп, ол екінші раунд бастала сала қарсыласына атылды. Алайда төрешілер көзқарасын бұл да өзгертпеді, екінші үш минтуттық 3:2 есебімен тағы да Минакшидің пайдасына аяқталды. Үшінші раундта Қызайбай тіптен анық басымдық көрсетті, бірнеше рет дәл соққы жасады, ал қарсыласы оның шабуылын тежеп, қолын байлап, кедергі келтірумен болды. Дегенмен үш раунд қорытындысы бойынша қазылар жеңісті үндістандыққа берді.
Жарнама