Бокс
5 маусым 11:31
 

Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын нокдаунға түсіргенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын нокдаунға түсіргенін айтты ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақтағы WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Адамес әлеуметтік желіде былай деп жазды:

"Суперорта салмақтағы қанша боксшыны спаррингте есеңгіретіп тастағанымды білсеңіздер ғой!".

Оның бұл жазбасына желі қолданушыларының бірі Әлімханұлы Адамеске жұдырығын батыратын еді деп атап өтті. Адамес бұл пікірге жауап беріп:

"Иә, оны да есеңгіреткенмін. Роберт Гарсияның залында," – деп растады.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес титул біріктіретін айқасты осы жазда өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған.

Жәнібек кейінгі рет 5 сәуір Астанада рингке шығып, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!