Бокс
6 мамыр 2020 12:12

"Адалдық деген жоқ, арамызда...". Де Ла Хойя "Канеломен" достықтың сұмдығын ашық айтты

Сурет: worldboxingnews.net
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалқ Сауль "Канело" Альварес арасындағы қатынасы бизнес негізінде ғана екенін мойындады, - деп хабарлайды Boxingscene.com.


"Арамызда бизнес қана. Бокста өткізген жылдарымда, ринг ішінде және одан тыс жүргенімде бір нәрсені анық түсіндім - мұның бәрі бизнес. Бокста "адалдық" деген түсінік жоқ. Мұны өз басымнан өткізген соң айтып тұрмын. "Канело" ұлы боксшы, ол менің досым. Бірақ арамызда тек бизнес қана. 

Боксшы болғанымда өзімді қорғап үйрендім. Промоутер болғанда осы әдетімді тастамадым. атақты төреші Джо Кортес айтқандай - боксшылар боксшы болып қалады, ал сен өзіңді дер кезіңде қорғауың керек", - дейді Де Ла Хойя Yahoo! Sports тілшісі Кевин Айолаға берген сұхбатында.