Бокс
16 қыркүйек 09:12

ӘЧ жүлдесі үшін қазақстандық боксшыларға қанша төленетіні белгілі болды

©Спорт Шредингера

Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жүлде жеңіп алған қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

World Boxing ұйымы өткізген алғашқы әлем чемпионатының ресми регламентінде жүлде қоры көрсетілмеген. Алайда Қазақстанда әлем біріншілігінде жүлдегер атанған спортшыларға мемлекет тарапынан арнайы сыйақы төленеді.

Мемлекет тарапынан берілетін сыйақы көлемі:

Алтын жүлде – 15 000 АҚШ доллары (шамамен 8,1 миллион теңге);
Күміс жүлде – 7 000 доллар (3,7 миллион теңге);
Қола жүлде – 5 000 доллар (2,7 миллион теңге).

Сондай-ақ боксшыларды дайындаған бапкерлерге де сыйақы қарастырылған (бұл сома үшке бөлінеді):

Алтын жүлде үшін – 10 000 доллар (5,4 миллион теңге);
Күміс үшін – 5 000 доллар (2,7 миллион теңге);
Қола үшін – 3 000 доллар (1,6 миллион теңге).

Қосымша сыйақыларды Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) да тағайындауы мүмкін.

Қазақстан құрамасының әлем чемпионаты-2025 нәтижесі:

Алтын жүлде иегерлері:

Санжар Тәшкенбай (50 кг)
Махмұт Сабырхан (55 кг)
Төрехан Сабырхан (70 кг)
Айбек Оралбай (+90 кг)
Алуа Балқыбекова (50 кг)
Аида Әбікенова (65 кг)
Наталья Богданова (70 кг)
Күміс жүлде – Назым Қызайбай (48 кг)
Қола жүлде – Виктория Графеева (60 кг), Елдана Тәліпова (+80 кг)

Айта кетейік, 2025 жылдың наурыз айында Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бұл турнирді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған болатын. Сол кезде жалпы жүлде қоры – 4,8 миллион доллар болды.

IBA тарапынан берілген сыйақылар:

Алтын жүлде – 100 000 доллар
Күміс жүлде – 50 000 доллар
Қола жүлде – 25 000 доллар
Ширек финалға дейін жеткендерге – 10 000 доллар

Қазақстанның нәтижесі (IBA әлем чемпионаты – Ниш, 2025):
Чемпиондар:

Назым Қызайбай (48 кг)
Алуа Балқыбекова (50 кг)
Аида Әбікенова (65 кг)

Күміс жүлдегерлер:

Виктория Графеева (60 кг)
Елдана Тәліпова (+81 кг)

Қола жүлдегер:

Наталья Богданова (70 кг)

Ширек финалистер:

Жайна Шекербекова (54 кг)
Карина Ибрагимова (57 кг)
Жасмин Қизатова (66 кг)
Надежда Рябец (75 кг).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport