Бокс
Бүгін 09:38

АЧ жүлдесі үшін Қазақстан - Өзбекстан айқасы алмакезек басымдықпен өтті

©Depositphotos/EvrenKalinbacak

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Аружан Жанабаева жартылай финал жолдамасы үшін жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы ширек финалда жеңілді

23 жасқа дейінгі боксшылар арасында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Аружан Жанабаева жарысты ширек финалдан бастады. Оның қарсыласы Өзбекстан боксшысы Севинч Хурамова болды.

Жекпе-жек тартысты өтті. Кездесу барысында басымдық алма-кезек ауысып отырды, ал шешуші кезең үшінші раунд болды.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан 5:0 есебімен өзбекстандық спортшыға берді. Осылайша, Аружан Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтап, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Өзбекстандық боксшы жүлдеге ілікті

Бұл жеңістің арқасында Севинч Хурамова турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде Азия чемпионатының қола жүлдегері атанады.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде ерлер мен әйелдер арасындағы екі жас санатында жалпы саны 39 боксшымен өнер көрсетуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport