Бүгін қазақстандық боксшы Әсем Таңатар Бангкокте (Тайланд) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы жекпе-жекте жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 60 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол үш раунд қорытындысы бойынша Қытай боксшысы Ю Тяньнен ұпай санымен жеңілді. Үшінші раундта Асем нокдаунға да түсіп қалды.
Осылай, қазақстандық Әсем жарысты аяқтады, ал қытайлық боксшы жартылай финалға өтіп, кемі қола жүлдеге жетіп отыр.