Ұлан-Батырда өткен бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстанда олимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты жүлдегерлеріне мемлекеттік төлем қарастырылған: бірінші орын үшін – 2300 доллар, екінші орын үшін – 1400 доллар, үшінші орын үшін – 900 доллар.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста жалпы 13 жүлде жеңіп алды.
Алтын жүлде
Ерлер:
• Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).
Әйелдер:
• Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары).
Күміс жүлде
Ерлер:
• Төрехан Сабырхан (70 келі).
Әйелдер:
• Бақыт Сейдиш (70 келі).
Қола жүлде
Ерлер:
• Махмұт Сабырхан (55 келі), Ертіған Зейнуллинов (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі).
Әйелдер:
• Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Валентина Хальзова (75 келі).