Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында әйелдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Үндістан құрамасы иеленді. Олар 4 алтын, 2 күміс және 4 қола жеңіп алды.
Екінші орынға Қазақстан құрамасы жайғасты – 2 алтын, 1 күміс және 2 қола. Үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді (2-0-3).
Өзбекстан әйелдер құрамасы алтынсыз қалып, 2 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.
2026 жылғы Азия чемпионатындағы финалдың бірінші күнінің қорытындысы:
Үндістан — 4-2-4
Қазақстан — 2-1-2
Қытай — 2-0-3
Қытайлық Тайбэй — 1-1-2
Таиланд — 1-0-1
КХДР — 0-3-0
Өзбекстан — 0-2-3
Моңғолия — 0-1-1
Оңтүстік Корея — 0-0-1
Тәжікстан — 0-0-1
Еске салайық, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатта 10 боксшымен өнер көрсетті. Соның үшеуі финалға дейін жетті: Надежда Рябец (80 келі) пен Дина Исламбекова (80+ келі) алтын жеңіп алса, Бақыт Сейдіш (70 келі) күміс жүлдегер атанды.
Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Жарнама