Бокс
Бүгін 09:15

ӘЧ финалындағы Қазақстан мен Ресей айқасы 5:0 болып бітті

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Алина Құдайгенова Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымы өткізген U19 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы финалда ресейлік Анастасия Голуновамен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің ортақ шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті - 5:0.

Құдайгенова финалға дейін бразилиялық Мейра Алвес пен Англия боксшысы Сиобхан Хэлейді 5:0 есебімен, ал қытайлық Ярио Чжэнді 3:2 есебімен жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport