Индонезияның Джакарта қаласында 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі Әділ Асқанбай U-19 жас санатындағы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Өзбекстан боксшысы Өткізбек Нозқосымовпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысында қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің ортақ шешімімен жеңіліп қалды - 0:5.
Осылайша, Әділ құрлық чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Бүгін, 16 шілдеде, Қазақстан құрамасы сапынан тағы 12 боксшы финалдық жекпе-жектерде шаршы алаңға шығады.
Еске салайық, 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты 3 шілдеде басталып, 16 шілдеде аяқталады.
Жарнама