Бангкокта өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19 және U-22) Қазақстан ерлер құрамасынан алғашқы финалистер белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ерлер арасындағы жарыста бес қазақстандық боксшы құрлық чемпионы атағы үшін таласады (U-22):
60 кг: Нұрислам Қалдыбаев - Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
65 кг: Илья Калинин - Саят Ілясов (Өзбекстан)
70 кг: Нұрбек Мұрсал - Мұхаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)
80 кг: Санжарәлі Бегалиев - Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
90 кг: Темірлан Мұқатаев - Шахзод Палвонов (Өзбекстан)
Осылайша, барлық финалдық жекпе-жектер Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында өтеді. Бұл турнирге ерекше тартысты етпек.
Жарнама