Бокс
18 мамыр 2020 17:09

ӘЧ финалында Әбілхан Аманқұлды жеңген боксшы кәсіпқойда чемпион болатыны айтылды

Әбіхан Аманқұл мен Александр Хижняк.Сурет: Данияр Майлыбаев©
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын Умут Камкиранды (13-0, 12 КО) жаттықтыратын украиналық бапкер Александр Корх Luckypunch.net-ке берген сұхбатында кәсіпқойда әлем чемпионы бола алатын боксшыны атады.


Маманның ойынша, 2017 жылғы әлем чемпионатының финалында қазақстандық Әбілхан Аманқұлды жеңген және 75 келіде Олимпиада алтынына басты үміткер отандасы Александр Хижняк кәсіпқойда чемпион болады екен.

"Кәсіпқой бокста Украинада жаңа чемпиондар болады. Саша Хижняк жарқ етеді, біздің үлкен үмітіміз. Бастысы, еретін адамның болғаны, алға тартар локоматив бар болу керек. Бұрын ол ағайынды Кличко еді, соларды көріп, жігіттер бокспен айналысқысы келді. Украинада мұндай үнемі болған, болады да", - деп мәлімдеді Корх. 



Айта кетейік, 2019 жылғы әлем чемпионатына Аманқұл да, Хижняк та қатыспады. Қазақстандық боксшы жарысқа жарақат салдыранын бармады, ал Украина саяси қайшылықтарға байланысты Ресейге командасын апармады.