Жарнама

Бокс
Бүгін 20:32
 

АЧ финалы үшін соңғы айқастар: қазақ боксшылардың қарсыласы кім?

  Пікірлер

blog.share

АЧ финалы үшін соңғы айқастар: қазақ боксшылардың қарсыласы кім? ©ҚБФ

Ертең, 7 сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың қатысуымен жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ертең, 7 сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың қатысуымен жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ертең рингке Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан алты спортшы шығады. Әйелдер арасында Әйгерім Сәттібаева (48 кг) өнер көрсетсе, ерлер қатарында Оразбек Асылқұлов (60 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Айбек Оралбай (85 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Нұрбек Оралбай (+90 кг) бақ сынайды.

Таңғы сессия (басталуы — 09:00):

2-жұп. Әйелдер, 48 кг: Әйгерім Сәттібаева — Энх-Амгалан Номундари (Моңғолия);
6-жұп. Ерлер, 75 кг: Сабыржан Аққалықов — Далай Ганзориг (Моңғолия);
7-жұп. Ерлер, 85 кг: Нұрбек Оралбай — Бариаахан Дорж (Моңғолия);
9-жұп. Ерлер, +90 кг: Айбек Оралбай — Довлет Исламов (Түрікменстан).

Күндізгі сессия (басталуы — 14:00):

3-жұп. Ерлер, 60 кг: Оразбек Асылқұлов — Абдирахмон Махмуджонов (Өзбекстан);
8-жұп. Ерлер, 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан).

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында Бақыт Сейдіш (70 кг), Надежда Рябец (80 кг) және Дина Исламбекова (+80 кг) финалға өткен болатын.

Ал Валентина Хальзова (75 кг) жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Ерлер арасында Махмұт Сабырхан (55 кг) күтпеген жартылай финалда жеңілді, Ертуған Зейнулинов (65 кг) те қоланы қанағат тұтты. Ал Төрехан Сабырхан (70 кг) финалға жолдама алды.

Айта кетейік, турнир World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр және 10 сәуірде аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!