Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Айсұлу Мұхит жартылай финалда жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы өзбекстандық Рушанабону Исоеваға 0:5 есебімен тазажеңілді.
Осылайша, Айсұлу Мұхит құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бүгін, 13 шілдеде жартылай финалда Мадира Жұмахан (48 кг) Үндістан боксшысы Гунджанға есе жіберді. Ақнұр Тұрсынғали (57 кг) индонезиялық Дира Артикадан жеңілсе, Камила Оспанова (70 кг) Оңтүстік Корея боксшысы Мина Джунгті жеңіп, финалға жолдама алды.
Жарнама