Бокс
12 қыркүйек 09:05
 

ӘЧ-ден фаворитті ұшырып жіберген қазақ сенсацияға айналды

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-ден фаворитті ұшырып жіберген қазақ сенсацияға айналды ©

Халықаралық World Boxing ұйымы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы ең жарқын оқиғалардың бірін атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Халықаралық World Boxing ұйымы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы ең жарқын оқиғалардың бірін атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің ширек финалында бірінші нөмірлі фаворит италиялық Диего Ленци сенсациялық түрде жарыстан шығып қалды. Ол Қытай атынан сынға түсіп жатқан этникалық қазақ Данабек Байқоныстан жеңіліп қалды.

World Boxing қазақты атап өтті

"10 қыркүйек күнгі кешкі бағдарламада 32 ширек финалдық жекпе-жек өтті - әйелдердің ең жеңіл салмағынан (51 кг) бастап, ерлердің аса ауыр салмағына (90 кг жоғары) дейін. Соңғы салмақ дәрежесінде сенсация болды: бірінші нөмірлі Диего Ленци Қытай боксшысы Данабек Байқоныстан жеңіліп қалды. Жекпе-жек барысында ол екі ескерту мен екі шеттету ұпайын алды", - деп жазады World Boxing.

Жартылай финалда Данабек өзбекстандық Джахонгир Зокировпен кездеседі. Зокировты БАҚ өкілдері Олимпиада чемпионы Баҳодир Жалоловтың ізбасары деп атап жүр.

Жартылай финалға сегіз қазақстандық өтті

Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы жартылай финалға өтті - бес бұрымды, ерлереден үшеу. Олардың барлығы кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр. Тағы екі боксшы - Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Ташкенбай (50 кг) ширек финалдық жекпе-жектерін 12 қыркүйекте өткізеді.

Әлем чемпионатының жартылай финалындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:
12 қыркүйек

19:00 — 60 кг: Виктория Графеева — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия)
22:30 — 65 кг: Аида Әбікенова — Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия)
23:15 — +80 кг: Елдана Тәліпова — Агата Качмарска (Польша)
01:15 — +90 кг: Айбек Оралбай — Хулио Сезар Ла Крус (Куба)

13 қыркүйек

18:00 — 55 кг: Махмұт Сабырхан — Лю Чуань (Қытай)
22:15 — 51 кг: Алуа Балқыбекова — Ци Синью (Қытай)
22:45 — 70 кг: Төрехан Сабырхан — Одел Камара (Англия)
23:15 — 70 кг: Наталья Богданова — Шантель Рид (Англия).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!