Бокс
5 қыркүйек 07:05

ӘЧ-дегі Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы бірінші айқас толық күйреумен бітті

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының өкілі Элина Базарова 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы айқасында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы өзбекстандық Нигина Уктамоваға 0:5 есебімен жол берді. Үшінші раундта Базарова нокдаунға түсіп қалды.

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты жаңа ұйым World Boxing аясында алғаш рет өткізіліп отыр.

Чемпионат 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпуль қаласында (Англия) өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport