Бокс
Бүгін 21:00

ӘЧ-дегі Қазақстанмен айқаста төрешілердің бәрі жеңісті Ресейге берді

©Depositphotos/galkin57

Қазақстандық боксшы Айдос Үсенов Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда қазақстандық боксшы ресейлік Ислам Магомедовпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды - 0:5.

Жекпе-жек барысында Үсенов қарсыласына жақындап, жылдам соққылар жасауға тырысты. Алайда Магомедов қашықтықты сақтап жұдырықтасуды жөн көріп, осы басымдығының арқасында ұпай жинады. Нәтижесінде бес төрешінің барлығы жеңісті ресейлік боксшыға берді.

World Boxing ұйымының эгидасымен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады. Жарыста 69 елден келген 474 спортшы ерлер мен әйелдер арасындағы он салмақ дәрежесінің жүлделері үшін бақ сынап жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport