Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнулинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ол Таиланд боксшысы Бунджонг Синсиримен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) тай боксшысы жеңіске жетті.
Осылайша, Ертуған Зейнулинов турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін әйелдер арасында Бақыт Сейдіш (70 кг) қытайлық қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Валентина Хальзова (75 кг) Қытай боксшысынан жеңілген еді.
Сонымен қатар, Надежда Рябец (80 кг) Үндістан боксшысын төрешілердің бөлінген шешімімен жеңсе, Дина Исламбекова (+80 кг) Өзбекстан өкілі Олтиной Сотимбоеваны айқын басымдықпен ұтып, финалға өтті.
Ерлер арасында да күтпеген жағда болды: құраманың көшбасшыларының бірі Махмұт Сабырхан (55 кг) ринг қожайынын 5:0 есебімен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.