Таиландта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Бексұлтан Боранбек алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Боранбек өзбекстандық Самандар Олимовпен жұдырықтасты. Бірінші раундта қос боксшы бір-бірін кезекпен нокдаунға түсірді. Екінші раундта төреші тағы да қазақстандық боксшыға есеп ашты.
Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан жеңісті Олимовке берді.
Жарнама