Қазақстандық боксшы Милана Сафронова Чианг Мэйде өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандасымыздың қарсыласы жұдырықтасуға шықпады, деп хабарлайды msports.kz cайты.
"Милана Сафронованың (66 келі) алғашқы кездесудегі тайпейлік қарсыласы жарыстан бас тартуына байланысты, Қазақстан боксшысы бірден жартылай финалға өтті", - деп жазды ҚБФ ресми парақшасы.
Отандасымыз 7 желтоқсан күні өзбек-тай боксшылары арасындағы жекпе-жекте жеңгенімен кездеседі.