Журналист Асылан Қаженов World Boxing ұйымы аясында өткен алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшылары арасынан кімнің ерекше көзге түскенін айты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуынша, Ливерпуль (Англия) қаласында өткен жарыста алтын жеңіп алған Махмұт Сабырхан "2025 жылғы үздік боксшы" атағына әбден лайық.
"Менің ойымша, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Махмұт "үздік боксшы" атағын алуы керек. Ол барлық жекпе-жектерінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Нокдаундар да болды, нокаут да болды. Бұл - нағыз шоу! Махмұт рингке шыққанда біз 200 пайыз сенімдіміз. Ол өз салмағында үздік екенін дәлелдеді. Екі дүркін әлем чемпионы атанды. Сондықтан бұл жайтты ұйымдастырушылар ескергені жөн! Сәттілік тілеймін!", — деп жазды журналист әлеуметтік желіде.