ӘЧ-де даулы жеңіліске ұшыраған Сырымбетов IBA басшысына үн қатты

©Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық Талғат Сырымбетов Ташкенттегі әлем чемпионатының 1/16 финалындағы даулы жеңілістен кейін IBA басшысы Умар Кремлевке үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Талғат бұл айқаста Азия чемпионы, иорданиялық Мохамед Әбу-Джаджехке есе жіберді. Алайда төрешілер әділетсіз шешім шығарған ұқсайды. 

Айтжанов Ташкентте қазақ боксшыны "аяқтан шалғанына" қатытсы ойын айтты

"Құрметті Умар Назарұлы, Иордания өкілімен болған ӘЧ-дегі жекпе-жекті қайта қарауыңызды сұраймын. Әділ шешімге үміттенемін, өйткені айқасты лайықсыз ары беріп жіберді. Жеке өз атынман сізге үн қатып отырмын, құрметпен Талғат Сырымбетов", - деп жазыпты Қазақстан құрамасының боксшысы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport