Бокс
6 желтоқсан 10:17

АЧ-де ауыр салмақтағы екі қазақ бір-бірімен айқасқа түседі

©AIBA
Бүгін, 6 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық бес боксшы жартылай финалдық айқасын өткізеді. 

Бес жекпе-жектің екеуі Өзбекстан боксшыларымен болады: 51 келіде Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолда үшін Асилбек Жалиловпен жұдырықтасады. 

Ал 92 келіден аса салмақта Сағындық Тоғамбай мен Мадияр Сайдрахимов жекпе-жек өткізеді. 

Сайдрахимов Өзбекстан құрамасындағы ұлты қазақ боксшы екенін айта кетейік. Ол 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күмісін алған және 2019 жылғы Бүкіләлемдік әскерилер ойындарының жеңімпазы. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport