Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Финалдық кезеңде Қазақстан құрамасының мықты сегіз боксшысы айқасады.
Әйелдер арасындағы бәсекеде ел намысын үш спортшы қорғайды: Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары).
Ал ерлер құрамасында бірден бес боксшы финалда өнер көрсетеді: Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).
Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 9 сәуірге жоспарланған. Келесі күні, 10 сәуірде, шешуші айқастарға ерлер құрамасы шығады.
9 сәуір. Басталуы – 10:00
7-жұп. Әйелдер, 70 келі. Бақыт Сейдіш – Арундхати Чоудхари (Үндістан);
9-жұп. Әйелдер, 80 келі. Надежда Рябец – Рухшона Парпиева (Өзбекстан);
10-жұп. Әйелдер, 80 келіден жоғары. Дина Исламбекова – Алфия Пазан (Үндістан).
10 сәуір. Басталуы – 10:00
3-жұп. Ерлер, 60 келі. Оразбек Асылқұлов – Сачин Сачин (Үндістан);
5-жұп. Ерлер, 70 келі. Төрехан Сабырхан – Зейад Ишаиш (Иордания);
6-жұп. Ерлер, 75 келі. Сабыржан Аққалықов – Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан);
8-жұп. Ерлер, 85 келі. Нұрбек Оралбай – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан);
10-жұп. Ерлер, 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай – Данабек Байкенже (Қытай).