Бүгін, 16 мамыр күні бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ыстамбұл шаршы алаңында алты отандасымыз сынға түсетінін айта кеткен жөн. Олардың бесеуі күндізгі сессияда жұдырықтасса, біреуі кешкі сессияда қолғап түйістіреді. Күндізгі сессия елорда уақытымен 17:00-де басталады. Ал кешкі айқастар 21:00-ге жоспарланған. Тартысты кездесулердің барлығын Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
Күндізгі сессия
48 келіге дейін: Алуа Балқыбекова - Ниту (Үндістан)
52 келіге дейін: Жайна Шекербекова - Олена Савчук (Италия)
57 келіге дейін: Карина Ибрагимова - Микаэла Уолш (Ирландия)
70 келіге дейін: Валентина Хальзова - Кэй Скотт (Аустралия)
81 келіге дейін: Гүлсая Ержан - Габриэле Стонкуте (Литва)
Кешкі сессия
54 келіге дейін: Дина Жоламан - Елена Зекич (Сербия)