Бокс
30 мамыр 2021 23:37

АЧ-2021: Өзбекстанға қарсы ақтық бес жекпе-жектің төртеуі Қазақстан пайдасына шешіліп, қоржын жетінші алтынмен толықты

Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Фариза Шолтай 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ақтық сында ол өзбекстандық Сохиба Рузметоваға қарсы шығып, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен аяқталды. Осылайша, 2021 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы бес жекпе-жектің төртеуін жеңіспен аяқтады.