Бокс
21 тамыз 2019 13:30

"Абыржып жүр". Ковалевтің қарсыласы WBO титулы үшін жекпе-жек жайлы

© fightnews.info
24 тамыз Челябіде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 КО) жұдырықтасатын британиялық Энтони Ярд (18-0, 17 КО) алдағы жекпе-жек жайлы өз ойын айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат".


"Ол шындығында менімен жұдырықтасқысы келмейтінін сеземін. Ол: "бұл жігіт кәсіпқойда 18, ал әуесқойда 12 жекпе-жек қана өткізді, мен Даңқ залына кірем, бұл жігітке жеңіп кетуге мүмкіндік бере алмаймын" деп ойлайды. Бірақ, бұл солай болады.

Мен оны абыржытып жатқанымды білемін. Мен Шығыс Лондонда туып, 19 жаста бокспен шұғылдана бастаған қарапайым жігітпін. Ал қазір менің атым әйгілі, бұл болашақта не боларын көрсетіп тұрғандай", - деп келтіреді британиялықтың сөзін BoxingScene.