Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

©AIBA

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

1/16 финалда 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесті. Бұл айқастың үш раундтының қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан Жүсіповке берді. 

Еске салайық, бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Серік Теміржанов жапониялық Рейто Цуцумиді жеңіп, келесі кезеңге шыққан болатын. 

Ал аса ауыр салмақта сынға түскен отандасымыз Нұрлан Сапарбай болса бірінші айналымда ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар