Бокс
21 қазан 13:37

Абылайхан Жүсіпов 5 жылдан кейін Қазақстан чемпионы атанды

©ҚБФ

Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол алматылық Фаррух Тоқтасиновпен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті Абылайханға берді.

Осылайша, Жүсіпов Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды (2016, 2018, 2025).

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Абылайхан Жүсіпов — әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019 және 2021) және 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 

Айта кетейік, бұл салмақта Ливерпульдегі әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан топ жарған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport