Абсолют үшін жұдырықтасқан "Канело" мен Плант қанша сыйақы алғаны айтылды

©Reuters

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО)  пен америкалық Калеб Плант (21-1, 12 КО) әлемнің абсолют чемпионы үшін өткізген кездесуде қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесуде мексикалық боксшы қарсыласын 11-раундта нокаутпен жеңіп, абсолют чемпион атанды. 

"Жалпы бұл кездесуде боксшыларға берілген сыйақы 50 миллион долларды құрады. Оның 40 миллионын Альварес алса, қалғаны қарсыласқа берілді. UFC 268 турнирінде өнер көрсеткен спортшылардың гонорарлары қанша болды екен? Альварес пен Планттың қасында олар тиын алды-ау", - деп жазды спорт тілшісі Дэн Рафаэль. 

Айта кетейік, бұл кездесудегі жеңістен кейін Альварес Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші кездесу өткізуге ниетті екенін айтты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар