Бокс
Бүгін 14:54
 

Абсолют рекорд! Геннадий Головкин карьерасында қанша табыс тапқаны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Абсолют рекорд! Геннадий Головкин карьерасында қанша табыс тапқаны айтылды ©Matchroom

Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы ең көп табыс тапқан боксшылар рейтингін бастады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Surprisesports.com сайтына сілтеме жасап.

blog.share

Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы ең көп табыс тапқан боксшылар рейтингін бастады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Surprisesports.com сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Головкин кәсіпқой карьерасында 150 миллион АҚШ доллар табыс көрген. Бұл - орта салмақ тарихындағы абсолют рекорд.

Мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген үш жекпе-жек GGG-ге жалпы есепте 82 миллион доллар табыс алып келді:

2017 жыл — алғашқы жекпе-жек: 22 млн доллар (PPV кірістерін қоса алғанда);
2018 жыл — қарымта кездесу: 30 млн доллар;
2022 жыл — трилогияның соңғы айқасы: 20 млн доллар.
Айта кетейік, 30 миллион долларлық гонорар — орта салмақтағы ең ірі төлем болып саналады.

Басқа аңыздармен салыстыру

Екінші орынға америкалық аңыз Бернард Хопкинс жайғасты - ол кәсіпқой рингте 51 жасқа дейін өнер көрсетіп, 60 миллион доллар табыс тапқан. Оның Оскар Де Ла Хойяны жеңіп, 10 млн доллар алған жекпе-жегі Головкин дәуіріне дейінгі ең жоғары гонорар болған.

Үздік үштікті Оскар Де Ла Хойя түйіндеді - "Алтын бала" орта салмақта 50 млн доллар кіріс көрген.

Бесінші орынға Канело Альварес орналасты - ол орта салмақта 40 млн доллар табыс тауып, кейін суперорта салмақта үстемдік етті. Оның Головкинмен өткізген екі мега жекпе-жегі Канелоны бокстағы ең ірі қаржылық жұлдыздардың біріне айналдырды.

Орта салмақтағы ең көп табыс тапқан ТОП-10 боксшы:

Геннадий Головкин — 150 млн доллар
Бернард Хопкинс — 60 млн
Оскар Де Ла Хойя — 50 млн
Феликс Тринидад — 45 млн
Канело Альварес — 40 млн
Феликс Штурм — 25 млн
Серхио Мартинес — 18 млн
Джермалл Чарло — 12 млн
Эрисланди Лара — 8 млн
Жәнібек Әлімханұлы — 3 млн
Головкиннің кәсіби жетістіктері

Головкин кәсіпқой рингте 42 жеңіске жетіп, оның 37-сі нокаутпен аяқтаған. Екі рет жеңіліп, бір мәрте тең түсті. Ол орта салмақта әр уақытта WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған.

GGG орта салмақтағы нокаут пайызы ең жоғары боксшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ, ол Бернард Хопкинстің чемпиондық белбеуді сәтті қорғау рекордын (21 рет) жаңартты.

2025 жылы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) енген алғашқы қазақстандық атанды.

Қазір Головкин немен айналысады?

Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде рингке шығып, Канеломен болған трилогияда төрешілер шешімімен жеңілген.

2024 жылдың ақпанында ол ресми түрде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті атанды. Сонымен қатар, Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!