Жартылай ауыр салмақта IBF, WBC және WBO чемпионы Артур Бетербиев (18-0, 18 КО) сүйікті боксшыларын атады, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Менің сүйікті боксшыларым - Майк Тайсон мен Мохаммед Али. Тайсонның соққылары және Алидің қалай қозғалатынына әрдайым әсерленетінмін. Олардың өнерін бойыңа қалай сіңіресің? Қайталайын десең, бұл өте ауыр. Дене бітімдеріміз әртүрлі ғой. Бірақ олар маған үлгі болды.
Өмір сұру салтын алсақ та, Али ішпейтін және шекпейтін. Ол нағыз спортшы еді. Ал қазір ауыр салмақта ондайлар бар ма... Ренжімесін, алайда, сыртынан оларды кәсіпқой боксшы дей алмайсың. Спортшы болу - ол салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл мен үшін өте маңызды", - дейді боксшы.