Бірінші жартылай орта салмақта WBC белбеуіне үміткер украиналық Сергей Богачук (23-1, 23 КО) атақты Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) спарринг туралы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.
Боксшылар АҚШ-тағы Big Bear аймағындағы Абель Санчестің залында бірге дайындалған.
"Бірде Санчес мені Головкинмен спаррингке шығарды, бірақ оған ескертті. Айтқаны: "Сен байқа, жігіт жас". Бірақ Головкин не екенін бәрібір сездім. Көптеген спарринг серіктерім болды, алайда мұндай қуатты ешкімнен көрмедім. Ол жеңіл ғана соқса да жұдырықтары темірдей екенін сезесің. Өте ауыр. Өте қатты", - дейді Богачук Украинаның Кәсіпқой бокстың ұлттық лигасына берген сұхбатында.