Абсолют чемпион маңызы бар жалғыз титулды атады

©vRINGe.com

Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) бокста маңызы бар жылғыз белбеуді атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бір дивизионда бір ғана чемпион болу керек, UFC-де сияқты. Ал Мейвезер мен "Канело" ең маңыздысы чемпиондық белбеулер емес екенін көрсетті. Бастапқыда бәрі чемпион болғысы келеді, ал супержұлдызға айналғанда титулдардың маңызы жоғалады, алайда біз олар үшін бәрібір төлемін жасаймыз (санкциялық салымдар). 

Мен белбеуді сарапқа салу үшін ұйымдарға өз қалтамнан ақша төлеймін. Сондықтан маңызы бар жалғыз белбеу - ол The Ring журналының белбеуі, өйткені ол тегін. Неге мен чемпион болу үшін ақша төлеу керекпін? The Ring белбеуіне ие адам - дивизионда бірінші нөмір, міне осылай болу керек", - деп береді Кроуфордтың сөзін vRINGe.com.

Еске салайық, әйгілі Майк Тайсон Теренс Кроуфордты әлемдегі ең мықты боксшы деп мойындаған болатын

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport