Абсолют чемпион Канеломен айқасқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Бірінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) екінші орта дивизион патшасы Сауль Канело Альвареспен (59-2-2, 29 КО) жекпе-жек үшін бірден екі салмақ категориясына көтеріледі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чарло бұл жекпе-жекте жеңіп қана қоймай, Канелоны нокаутқа түсіретініне сенімді.
"Менің бірнеше керемет соққым бар. Оны сіздер бұрын-соңды көрмегенсіздер. Бұл соққыларды мен көптеген айқаста шыңдадым. Мен оларды діттеген жеріне жеткіземін деген сенімдемін. Альваресті нокаутқа түсіретініме сенімім бар. Оны сұлатып салуға қуатым жетеді. Атыңды тарихқа жазу үшін Канелоны сабау керек болса - солай істеймін. Ақша үшін емес, өзімнің құнымды біле тұрғанымен. Мұндай айқаста ақша бірінші орында болмайтыны анық", - деп береді Чарлоның сөзін vRINGe.com.
Жарнама