Абсолют чемпион атағына айқасады. "Канелоның" келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі

Сурет: DAZN©

Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO чемпионы Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) келесі жекпе-жегін абсолют чемпион атағы үшін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалықтың келесі айқасына қатысты мән-жайды Talksport.com журналисті Майкл Бенсон айтып берді. "Канелоның" өзі де жоспарлағандай, оның промоутері Эдди Хирн IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) жекпе-жек ұйымдастыруға кірісіп кетті. 

"Эдди Хирн осы аптада "Канело" мен Плант жекпе-жегіне қатысты келіссөз басталатынын айтты. Ал кездесу өтуі ықтимал орын ретінде Лас-Вегастағы Allegiant Stadium аренасын атады. "Канело" рингке Мексиканың тәуелсіздік күні тойланатын уақытта оралады деп күтілуде - жоспарланып отырған күн 18 қыркүйек", - деп жазыпты Бенсон "Твиттер" желісінде.