Бокс
29 қыркүйек 2020 16:12

Абсолют чемпион атағы үшін Ломаченконың жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Сурет: Fightnews.info
Жеңіл салмақта WBC Franchise, WBA Super және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) және IBF титулына ие америкалық Теофимо Лопес (15-0, 12 КО) арасындағы жекпе-жек Қазақстанда "Хабар" арнасынан тікелей көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Титулдар біріктірілетін жекпе-жек 17 қазан Лас-Вегаста өтеді. 

"Хабар" арнасындағы көрсетілім Қазақстан астанасының уақытымен 18 қазан 08:00-де басталады. 

32 жастағы украиналық кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы 31 тамыз Лондонда өткізіп, төрешілер шешімімен британиялық Люк Кэмпбеллді жеңген.

23 жастағы Лопес желтоқсанда Нью-Йоркте өткен кездесуінде ганалық боксшы Ричард Коммиді екінші раундта нокаутқа түісірп, IBF белбеуін иеленген.