Абсолют чемпион атағы үшін айқас. Бивол Бетербиевпен келісімшартқа қол қойды

31 желтоқсан 10:51
©AP

Жартылай ауыр салмақта WBA Super және IBO чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол (22-0, 11 КО) осы дивизионда WBC, IBF және WBO титулдарына ие отандасы Артур Бетербиевпен (19-0, 19 КО) жекпе-жекке шығатын болды, деп хабарлайды инсайдер Дэн Рафаэль.

Дегенмен әзірге бұл айқас бойынша ешқандай мән-жай айтылмады.

Белгілісі тек жартылай ауыр салмақтағы абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жекті Сауд Арабиясының инвесторлары ұйымдастырмақ.

Қаңтарда Квебекте (Канада) Бетербиев WBC желісі бойынша міндетті үміткер британиялық Каллум Смитпен (29-1, 21 КО) жұдырықтасады.

Демек осы жекпе-жектен кейін Бивол мен Бетербиев арасындағы кездесудің нақты уақыты белгіленеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар